386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та 47 мың тұрғын жарықсыз қалды

  • 163
АҚШ-та 47 мың тұрғын жарықсыз қалды Publika

Нью-Йоркта 47 мыңнан астам тұрғын жарықсыз қалды.

Бұл туралы Con Edison энергетика компаниясы мәлімдеді. Олардың ақпарынша, электрдің жаппай сөніп қалуы Бруклиннің оңтүстік-шығысында тіркелген. Компания қазір олқылықтың орнын толтырып жатқандығын айтады. Бұған дейін жарықтың жаппай сөнуі АҚШ астанасы Вашингтонда тіркелген еді. Оған себеп – күннің қатты ысуы. Соңғы күндері ауабаптағышты көп қосқандықтан, электр желісінің жүктемесі шамадан тыс артып кеткен. Айта кетейік, Ұлттық ауа райы қызметінің мәліметінше, АҚШ-тың кейбір өңірлерінде ауа температурасы 43 градусқа дейін жеткен.

Хабар 24 телеарнасы