386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гонконгте полиция ереуілшілерге көз жасаурататын газ қолданды

  • 193
Гонконгте полиция ереуілшілерге көз жасаурататын газ қолданды BBC.com

Гонконгте экстрадициялау заңына қарсылық білдірушілер тағы да ереуілге шықты.

Бірақ оның соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Ереуілшілер жергілікті үкімет үйіне бармақ болған. Алайда олардың бұл әрекетіне жүздеген арнайы жасақ сарбаздары тосқауыл болыпты. Салдарынан наразы жұрт тәртіп сақшыларына бөтелке, кірпіш, таяқ пен қолшатыр лақтыра бастаған. Осыған байланысты полицейлер топты тарату үшін көз жасаурататын газ қолданған. Бұған қоса, ереуілшілерге қарсы резеңке оқ та атылған көрінеді. Өз кезегінде Гонконг әкімшілігінің басшысы Кэрри Лам ереуіл кезіндегі зорлық-зомбылықты айыптап, бұл мәселенің шешімі емес екенін жеткізді. Естеріңізге сала кетсек, маусымнан бері аймақта 2 миллионға жуық тұрғын аталған заңға қарсы наразылық акцияларына қатысқан. Оған сәйкес, қала билігі қылмыс жасады деген күдікке ілінген азаматтарды құрлықтық Қытай сотына беруі тиіс. Алайда ереуілдерге байланысты билік заң жобасын қарауды тоқтатуға мәжбүр қалды.

Хабар 24 телеарнасы