386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Берлинде пәтерін заңсыз жалға бергендер билікке айыппұл төледі

  • 96
Берлинде пәтерін заңсыз жалға бергендер билікке айыппұл төледі

Бір жарым миллион еуро. Берлин билік өкілдері пәтерді заңсыз жалға берген иелерінен осындай көлемде өтемақы өндірді.

Мемлекет мұндай қызмет түрін тіркеуді міндеттегінімен, тұрғындар арасында заңға бағынбай отырғандар бар. Тіпті айыппұлдан да қорқар емес. Германия заңы бойынша жалға берушіге 500 мың еуроға дейін өтемақы міндеттелуі мүмкін. Десе де, бүгінгі таңда ең жоғарғы айыппұл 6 мың еуроны құрап отыр. Айта кетейік, кейбір келтірілген деректерге сай елде 20 мың пәтер жалға беріледі. Мұндай баспана қызметіне көбінесе туристер жүгінетін көрінеді. Себебі бағасы қонақ үйден әлдеқайда арзан. Дегенмен абай болмаса шет елдіктер де қолайсыздыққа тап болуы мүмкін. Мәселен, Мадридте заңсыз жалға алушыларды полиция қызметкерлері өтемақысыз кез келген уақытта далаға қуып шығуы мүмкін.

Татьяна Кёппэ, Маклер:

– 2018 жылдан бері жарты миллионға дейін айыппұл салу заңы бекітілді. Оған дейін 50-100 мың аралығында болған. Бірақ мемлекет бұл өте аз көлемдегі жаза деп отыр. 500 мың еуро айыппұл бекітілгенімен, ең жоғарғысы 6 мыңға дейін барды. Әрине, айыппұлдың өзі адамның тапқан табысына, мемлекетке келтірген шығынына байланысты есептеледі.

Хабар 24 телеарнасы