Қазір тілсіз жаумен 150-ден астам өрт сөндіруші күресіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Куәгерлердің жариялаған видеоларынан түтіннің қалай көкке көтерілгенін де көруге болады. Апатқа байланысты төңіректегі үйлерде тұратын тұрғындарға есік, терезелерді қымтап жабу керектігі ескертілді. Себебі өрт түтіні улы болуы мүмкін. Жалп, жергілікті басылымдардың мәліметіне сай, сауда орталығындағы өрт ғимаратта ешкім болмаған кезде басталған. Сондықтан одан зардап шеккендер жоқ.