386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда өртенген ғимаратта ондаған адам қамалып қалған

  • 146
Үндістанда өртенген ғимаратта ондаған адам қамалып қалған Day.Az

Үндістанның Мумбаи қаласында 9 қабатты ғимараттан өрт шықты.

Салдарынан ондаған адам ғимаратта қамалып қалған. Басым бөлігі мемлекеттік телекоммуникациялық компания қызметкерлері екен. Қолда бар мәліметке сай, қызыл жалын ошағы ғимараттың 3-4-қабаттарында пайда болған. Осыған байланысты оқиға орнына 14 өрт сөндіру көлігі жұмылдырылды. Қазіргі таңда ғимараттан 60 адам эвакуацияланыпты. Қызыл жалын ауыздықталып, құтқару-іздестіру жұмыстары аяқталды. Зардап шеккендер жоқ.

Хабар 24 телеарнасы