385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирияда әуе соққысынан 32 бейбіт тұрғын ажал құшты

  • 155
  • UPD: 11:19, 23.07.2019
Сирияда әуе соққысынан 32 бейбіт тұрғын ажал құшты

Сирияның солтүстік-батысында орналасқан Маарат-эн-Нууман қаласына жойқын әуе соққысы жасалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан 32 бейбіт тұрғын ажал құшты. Шабуылды Ресей авиациясы мен Башар Асадтың үкіметтік күштері жасаған. «Ақ дулыға» ұйымы осылай дейді. Еріктілер соққыдан соң қирандылар астында қалған құрбандар денесін шығарып, зардап шеккендерді құтқару жұмыстарымен айналысқан.

Айта кетейік, бұл қала үкіметке қарсы күштердің бақылауындағы өңір. Ал ресейлік тарап бұл шабуылға қатысы жоғын айтып, мәлімдеме жасады. Олардың айтуынша, Сириядағы мәскеулік ұшақтар соңғы күндері орнынан қозғалмаған. Ресей «Ақ дулыға» ұйымынан жалған ақпарат пен қойылым ретінде түсірілген бейнероликтер таратуын доғаруды талап етті.

Хабар 24 телеарнасы