386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иранда 17 АҚШ тыңшысына қатысты үкім шықты

  • 175
  • UPD: 10:48, 23.07.2019
Иранда 17 АҚШ тыңшысына қатысты үкім шықты

Иран билігі АҚШ тыңшысы болған 17 күдіктіге қарсы сот үкімі шыққанын мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елдің ақпарат және ұлттық қауіпсіздік министрлігі лаңкестікке қарсы департамент директорының айтуынша, тұтқынға алынғандар Иран туралы маңызды ақпарларды АҚШ орталық барлау басқармасына тасып отырған. Олардың кейбірі тіпті өлім жазасына кесілген. Ақ үй басшысы Дональд Трамп бұл мәлімдемені шындыққа жанаспайды деп отыр. Ал мемлекеттік хатшы Майк Помпео өзгелерді Иранның сандырағына сенбеуге шақырды.

Айта кетейік, соңғы уақытта АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс ушығып барады. Өткен аптада Дональд Трамп Ормуз бұғазында АҚШ тарапы ирандық ұшқышсыз басқарылатын ұшақтың көзін жойғанын хабарлаған еді. Ресми Тегеран болса ешқандай құрылғымызды жоғалтқан жоқпыз деп отыр.

Хабар 24 телеарнасы