386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Франция жағалауынан жарты ғасыр бұрын жоғалған кеме табылды

  • 138
  • UPD: 10:52, 23.07.2019
Франция жағалауынан жарты ғасыр бұрын жоғалған кеме табылды

Франция жағалауынан жарты ғасыр бұрын жоғалып кеткен сүңгуір кеме табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Minerve деп аталған кеме 1968 жылы Жерорта теңізінде жұмбақ жағдайда ғайып болған. 52 экипаж мүшесі болған су асты кемесі 1968 жылы 27 қаңтарда 4 минут ішінде батып кетіпті. Сол кездері оны іздеу жұмыстарына белгілі мұхиттанушы Жак-Ив Кусто қатысқан. Алайда, ешқандай нәтиже болмаған. Ал 2018 жылы қаза тапқан теңізшілердің туғандарының сұрауымен ел үкіметі іздеу жұмыстарын қайта қолға алған. Сөйтіп суға батқан кеме қашықтан басқарылатын аппараттың көмегімен табылды. Теңіз түбіне батқан кемені анықтау үшін 300 шаршы шақырым жер тексеріліпті.

Хабар 24 телеарнасы