385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда 270 млн доллар көлемінде жалған ақша жасағандар құрықталды

  • 166
  • UPD: 11:13, 23.07.2019
Түркияда 270 млн доллар көлемінде жалған ақша жасағандар құрықталды

Түркия билігі 270 миллион доллар көлемінде жалған ақша жасағандары құрықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаржылық қылмысқа және контрабандаға қарсы бөлімшелер арнайы операцияны Ыстамбұлдың Эсеньюрт ауданында жүргізген. Көлеңкелі экономиканың көзін тапқан 5 күдіктінің қолына кісен салынды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жалған банкнот жасаушылар Құрбан айт алдында олжаға қарық болу мақсатында ақшаны айналымға шығармақ болған. Әзірге арнайы операция туралы өзге ақпарлар құпия сақталып отыр.

Хабар 24 телеарнасы