386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлыбританияда ұлулар арасында әлем чемпионаты өтті

  • 395
  • UPD: 11:21, 23.07.2019
Ұлыбританияда ұлулар арасында әлем чемпионаты өтті

Ұлыбританияның Норфолк графтығында ұлулар арасында әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бастауын өткен ғасырдың ортасынан алатын бұл жарыс жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Оған жүзден жүйрік деген ұлулар қатысады екен. Биылғы чемпионатқа қатысуға 250 ұлудың қожайыны ұсыныс білдіріпті. Сайыс ережесіне сай спортшы ұлулар қызыл сызыққа бірінші болып жетуі керек. Сырғанауға ыңғайлы болуы үшін матадан тігілген дастархан жайылып, үстіне су себіледі. Сөйтіп әлемдегі ең баяу қимылдайтын жәндіктің жарысы Сэмми есімді ұлу жеңісімен аяқталды. Чемпион ұлу мәреге 2 минут 28 секундта жеткен.

Хабар 24 телеарнасы