386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австралияда 270 келі есірткі тиелген фургон полиция учаскесін соқты

  • 140
Австралияда 270 келі есірткі тиелген фургон полиция учаскесін соқты

Австралияда 270 кг есірткі тиелген фургон аса қатты жылдамдықпен келіп, полиция учаскесінде тұрған патруль машинасын қақырата соқты, деп хабарлайды Қазгидромет Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Келеңсіз жағдай Сидней қаласының шетіндегі Иствуд ауданында болған. Есірткі тасымалдаған жігіт оқиға орнынан ізін суытып үлгерген. Алайда бір сағатқа жеткізбей, полицейлер оны ұстап алды. Оның фургонын тексеру кезінде кузовынан 270 килограмнан астам метамфетамин табылған.

Австралиялық полицейлердің айтуынша, жергілікті қара базарда бұл партия кемінде 140 млн долларға бағаланады. 28 жастағы Сидней тұрғынына есірткіні заңсыз тасымалдау және көлік құралын жүргізудегі абайсыздық баптары бойынша айып тағылды.

Хабар 24 телеарнасы