386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ата-анасы баласын 18 жыл өткен соң FaceApp қосымшасына ұқсас нейрожелі арқылы тапты

  • 177
  • UPD: 17:57, 23.07.2019
Ата-анасы баласын 18 жыл өткен соң FaceApp қосымшасына ұқсас нейрожелі арқылы тапты mix.tn.kz

Қытайда ерлі-зайыптылар 18 жыл бойы ұрлап кеткен ұлдарын іздеген.

Оны қазіргі уақытта жігіттің бет-әлпетінің қалай болатынын нейрожелі арқылы тапқан, деп хабарлайды Parentology басылымы.

2001 жылы мамыр айында үш жасар Ю Вейфен Шэньчжэнь қаласындағы құрылыс алаңына жақын маңда ойнап жүрген жерінен жоғалып кеткен. Ата-анасы баланың жоғалып кеткенін бірден байқап, полицияға хабарласады. Өкінішке орай полицейлер бейнебақылау камералары бойынша оны таба алмаған. Алайда тергеушілер оны ұрлап кеткенін анықтайды.

Баланы ата-анасы 18 жыл бойы іздеген.

Тек 18 жыл өткен соң полицейлер нейрожеліні қолданып, 21 жастағы жігіттің қандай болатынын анықтаған. FaceApp қосымшасына ұқсас бет-әлпетті өзгертетін технология қолданылған.

Нейрожелі екі ай бойы баланың жеке мәліметтерін өңдеп, жүздеген адаммен салыстырып отырады. Бағдарлама Ю Вейфеннің Гуанчжоу қаласындағы студент болуы мүмкін екендігін көрсетеді. Құқық қорғау органдары онымен кездеседі. Жас жігіт басында өзінің ұрланған екендігіне сенбейді. Алайда ДНҚ тест арқылы оның ата-анасы екені анықталды.

Хабар 24 телеарнасы