386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венесуэлада жаппай электр жарығы сөніп қалды

  • 146
  • UPD: 15:22, 23.07.2019
Венесуэлада жаппай электр жарығы сөніп қалды

Венесуэлада тағы да жаппай электр жарығы сөніп қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Блэкаут Каракастың шығысы мен батысындағы бірнеше өңір мен елдің 23 штатын қамтыған. Бұл латынамерикалық тұрғындардың осы жылдағы бесінші мәрте жарықтан қағылуы. Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, электр энергиясының болмауы Венесуэла астанасындағы метроның жұмысына кері әсер еткен. Одан бөлек, ел бойынша ұялы телефон желісі болмаған. Қазір оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы