386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Британияға кім премьер-министр болады

  • 171
  • UPD: 16:46, 23.07.2019
Британияға кім премьер-министр болады

Ұлыбританияда жаңа премьер-министрдің есімі белгілі болады. Консерваторлар партияның жаңа басшысына дауыс беруді аяқтады.

Жалпы ел үкіметін басқаруға екі үміткер додаға түскен. Оның бірі қазіргі сыртқы істер министрі Джереми Хант болса, екіншісі Лондонның бұрынғы мэрі Борис Джонсон. Кандидаттар жеңіске жету үшін 50 проценттен астам дауыс жинауы қажет. Өз кезегінде консерваторлар арасында жүргізілген сауаланамаға сай, премьерлікке Борис Джонсон фаворит саналуда. Бірақ қарапайым халық Джереми Хантты қолдап отыр.

Хабар 24 телеарнасы