386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Португалиядағы орман өрті ауыздықталды

  • 143
  • UPD: 23:08, 23.07.2019
Португалиядағы орман өрті ауыздықталды

Португалияда бірнеше тәулік бойы жанып жатқан орман өрті ішінара сөндірілді.

Қазіргі таңда өрт аумағының 90 проценті бақылауға алынған. Бұл туралы жергілікті билік хабарлады. Айта кетсек, демалыс күндері ел астанасы Лиссабоннан 225 шақырым қашықтықта бірден 3 ірі өрт болған еді. Осыған байланысты жақын орналасқан бірнеше елді мекен тұрғындары шұғыл эвакуацияланған. Десе де, бірнеше елді мекен әлі де қауіпті аймақ аумағында қалып отыр екен. Жергілікті биліктің айтуынша, қазір қызыл жалынды ауыздықтауға 1 мыңнан аса өрт сөндіруші, 300-ге тарта көлік пен 5 ұшақ жұмылдырылған.

Хабар 24 телеарнасы