386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пуэрто-Рикода ереуілшілер губернатор отставкасын талап етті

  • 48
  • UPD: 23:50, 23.07.2019
Пуэрто-Рикода ереуілшілер губернатор отставкасын талап етті

Пуэрто-Рико халқы губернатор Рикарда Росселлоның отставкаға кетуін жаппай талап етіп жатыр. Жуырда арал басшысы алдағы сайлауға қатыспауға уәде берген еді.

Алайда уақытынан бұрын қызметінен кетуден бас тартқан болатын. Осыған байланысты аймақтағы ереуілдер осымен екінші апта жалғасып келеді.

Айта  кетсек, жұрт наразылығына Россельоның Telegram-дағы жабық чат арқылы өз кеңесшілерімен жүргізген әңгімесі түрткі болды. Онда олар жергілікті журналистер, саясаткерлер мен танымал активистерге тіл тигізіп, қорлаған көрінеді. Кейін бұл хат алмасу тілшілердің қолына түсіп, Росселлоның әрекеті әшкере болды. Осы жағдайға байланысты губернатор елден кешірім сұраған болатын. Бірақ ол наразы жұрттың көңілін аса баса қойған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы