386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-тың арнайы прокуроры Конгресс алдында жауап береді

  • 138
АҚШ-тың арнайы прокуроры Конгресс алдында жауап береді

АҚШ-тың арнайы прокуроры Роберт Мюллер бүгін Конгресс алдында жауап береді.

Ол заң комитеті мен Қауымдар палатасына Ресейдің 2016 жылғы сайлауға қатысы туралы есеп беруі тиіс. Бірақ Әділет министрлігі оның куәлігін шектеп отыр. Басқаша айтқанда, Мюллер конгресмендерге тергеудің жай-жапсарын, құпия деректерді және үшінші тұғалар туралы мәліметтерді жарияламауы тиіс. Президент Дональд Трамп болса Мюллердің Конгресте сөйлеуіне үзілді-кесілді қарсы. Еске сала кетейік, Ресейдің 2016 жылғы сайлауға араласуы туралы тергеу осыдан екі жыл бұрын басталып, биыл наурыз айында аяқталған. Сәуір айында Мюллердің баяндамасы Конгреске табысталды. Бірақ демократтардың құжатқа көңілі толмаған еді.

Хабар 24 телеарнасы