386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Франция фермерлері Канадамен бекітілген еркін сауда келісіміне қарсы шықты

  • 117
  • UPD: 11:03, 24.07.2019
Франция фермерлері Канадамен бекітілген еркін сауда келісіміне қарсы шықты

Франция Ұлттық ассамблеясы Канадамен еркін сауда жөніндегі келісімді бекітті.

Бірақ құжатты қабылдау тартысты өтті. Десе де 266 дауыспен құжат қабылданды. Енді келісім Сенаттың қарауына беріледі. Егер Жоғарғы палата оны қолдаса екі мемлекет арасындағы кедендік салықтардың 98 проценті жойылады. Алайда Францияның көптеген үкміеттік емес ұйымдары мен фермерлері бұл шартқа наразы. Себебі олар Канада Еуроодақ аймағында тыйым салынған денсаулыққа зиянды трансгендік өнімдерді қолданады деп отыр.

Хабар 24 телеарнасы