386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венесуэлада әскери күшке сүйенуге рұқсат беретін бұрынғы құжат қайта бекіді

  • 163
Венесуэлада әскери күшке сүйенуге рұқсат беретін бұрынғы құжат қайта бекіді

Венесуэла оппозициясының бақылауындағы Ұлттық ассамблея халықаралық әскери күшке сүйенуге рұқсат беретін заң қабылдады.

«Өзара келісім туралы америкааралық келісім» деп аталатын құжат екінші оқылымда бірауыздан бекітілді. Оппозиция лидері Хуан Гуайдо ол елдегі диктатурамен күресуге септігін тигізеді дейді. Айта кетейік, келісімшарт 1947 жылы Бразилияда қабылданған. Оның негізгі қағидасы шартқа қатысушы кез келген елге шабуыл барлық мемлекетке қарсы әрекетпен бірдей деп қарастырлады. Алайда Венесуэла 2012 жылы одан шығып кеткен еді.

Хабар 24 телеарнасы