385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Берлин орталығына ескі дизельді көліктердің кіруіне тыйым салынды

  • 217
Берлин орталығына ескі дизельді көліктердің кіруіне тыйым салынды

Берлиннің орталығына ескі дизельді көліктердің кіруіне тыйым салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді евро 5 стандарына сай келмейтін темір тұлпарлар шаһардың басты 8 көшесімен жүре алмайды. Мұндай шешімді Берлин сенаты қабылдады. Бірақ аталған ауданда тұратын тұрғындар, өрт сөндірушілер және коммуналдық қызметтер бұл ережеден босатылады. Заң қыркүйек айында күшіне енеді. Ал тәртіпті бұзғандар 25 еуро көлемінде айыппұл төлейтін болады. Шара ауаға таралатын зиянды қалдықтардың мөлшерін азайтып, оны еуропалық стандартқа жеткізуге бағытталған. Айта кетейік, ескі дизельді көліктерге тыйым Германияның Франкфурт, Гамбург, Штутгарт және өзге де қалаларында қолданылады. 

Йорг Кирст, Adac көлік жүргізушілер одағының техникалық сарапшысы:

– Германия көлік жүргізушілер клубы мұндай шешімге қарсы. Өйткені көлікті 3 жыл бұрын сатып алған азамат енді қала көшелерімен жүре алмайды. Сондықтан мұндай тәртіптің орнына дизельді көліктерге зиянды қалдықтарды азайтатын құрылғы орнату керек. Көлік шығарушы компаниялар тұрғындарға жеңілдік жасап, шығындарды мойындарына алады деп сенеміз.

Хабар 24 телеарнасы