386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Nissan 10 мың қызметкерін қысқартпақ

  • 265
Nissan 10 мың қызметкерін қысқартпақ

Жапонияның Nissan автоконцерні дүниежүзі бойынша 10 мың қызметкерін қысқартуды жоспарлап отыр.

Бұл туралы «NHK» телеарнасы хабарлады. Оған компанияның қаржылық жағдайының нашарлауы себеп. Өйткені өткен жылы бірлестіктің кірісі 40 пайызға азайып, Еуропа мен АҚШ-тағы сатылым көрсеткіші төмендеген. Айта кетейік, биыл мамыр айында жапониялық алпауыттың тек 5 мыңға жуық қызметкерін қысқартатыны жайлы ақпар тараған еді. Сарапшылар шара компанияның шығынын азайтып, тиімділігін арттыруға бағытталған болуы керек деп отыр.

Хабар 24 телеарнасы