386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алмазбек Атамбаев Мәскеуге ұшып кетті

  • 177
  • UPD: 22:36, 24.07.2019
Алмазбек Атамбаев Мәскеуге ұшып кетті

Алмазбек Атамбаев елден кетті. Қырғызстанның бұрынғы президенті Мәскеуге ұшып шыққан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның өкілдерінің мәлімдеуінше, Алмазбек Атамбаев бір күндік сапарға барды және ертең еліне қайта оралады. Бұрынғы президент те Қырғызстаннан қоныс аударуға ниеті жоқ екенін үнемі айтып келетін. Алмазбек Атамбаев бұл сапарын елден қашу деп санамауды сұраған.

Еске салып кетсек, маусым айында Қырғызстан парламенті бұрынғы президентті дербес құқықығынан айырды. Бұл Бас прокуратура «Атамбаев билік басында болған кезде бес қылмысқа қатысы болған» деген қорытындыға келгеннен кейін қабылданған шара. Тергеушілер Алмазбек Атамабевты бірнеше рет бұл істер бойынша жауап беруге шақырған, алайда ол бұған құлақ асқан жоқ. Бұрынғы президенттің адвокаттары дербес құқықтан айыруға заңды тұрғыдан баға беру өтінішін Конституциялық палатаға тапсырды. Күшпен қамауға алынудан қауіптенген Атамбаев көптеген жақтастарының қорғауында, өз үйінде болған.

Хабар 24 телеарнасы