386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пуэрто-Рикода наразылық акциялары бизнеске кері әсерін тигізіп жатыр

  • 117
  • UPD: 22:51, 24.07.2019
Пуэрто-Рикода наразылық акциялары бизнеске кері әсерін тигізіп жатыр

Пуэрто-Рикода үкіметке қарсы наразылық акциялары бизнеске кері әсерін тигізе бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Туристер бұл аралға сапарлаудан қауіптене бастаған. Туризм министрлігінің мәліметіне сай қазірдің өзінде 5 круиздік кеме Сан-Хуан портына аялдаудан бас тартыпты. Осыдан-ақ дүкендер 3,25 миллион доллар қаржы жоғалтатын көрінеді.

Айта кетсек, аталған аймақта халық губернатор Рикарда Россельоның отставкаға кетуін жаппай талап етуде. Соған байланысты жұрт ереуілге шыққан болатын. Наразылық шарасы осымен екінші аптаға жалғасуда. Халықтың ереуілге шығуына Россельоның Telegram-дағы жабық чат арқылы өз кеңесшілерімен жүргізген әңгімесі түрткі болған еді. Бірақ арал басшысы наразы жұрттың талабымен келіспей отыр.

Хабар 24 телеарнасы