386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Солтүстік Корея зымыран ұшырды

  • 165
  • UPD: 09:19, 25.07.2019
Солтүстік Корея зымыран ұшырды

Корея Халық Демократиялық Республикасы шығыс бағытқа қарай атауы белгісіз екі зымыранын ұшырды.

Сынақ Вонсан қаласы маңында жүргізілген. Бұл туралы Yonhap агенттігі хабарлады. Олардың мәліметінше, зымырандар Жапон теңізіне қарай ұшырылған. Алдын ала ақпарға сай снаряд 430 шақырымдай жерді еңсерген. Оңтүстік Корея Республикасының қарулы күштері бұл жағдайды бақылауда ұстап отырғанын жеткізді.

Айта кетейік, Солтүстік Корея соңғы рет 9 мамыр күні реактивті зымыранын сынаған болатын. Ол кезде ұшыру үдерісі Пхенан-Пукто елді мекенінде өткен еді.

Хабар 24 телеарнасы