386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грекияда орман өртеніп жатыр

  • 130
  • UPD: 09:24, 25.07.2019
Грекияда орман өртеніп жатыр

Грекиядағы Рафина портты қаласы маңында орман өртеніп жатыр.

Қызыл жалын көршілес елді мекендерге ұласпас үшін оны ауыздықтауға 170 өрт сөндіруші тартылды. Тағы 42 көлік, 10 ұшақ пен 6 тікұшақ елдің түкпір-түкпірінен Танагара қаласына көмекке келді. Афин солтүстінде 70 шақырымдай жерде орналасқан шіркеуден екі адам эвакуацияланды. Орман өртіне Ауа райының күрт ысыуы мен қатты жел  себеп. Айта кетейік, осыдан тура бір жыл бұрын Афин маңындағы жағалау отқа оранған еді. Салдарынан 102 адам ажал құшқан болатын. Ол кезде төтенше жағдайға дайын болмай, кеш қимылдағаны үшін билік өкілдері жазаға тартылды.

Хабар 24 телеарнасы