386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Facebook компаниясына 5 млрд доллар айыппұл салынды

  • 292
  • UPD: 11:06, 25.07.2019

«Фейсбук» компаниясы тұтынушылар туралы ақпаратты қорғамағаны үшін 5 миллиард доллар айыппұл төлейтін болды.

Оны АҚШ-тың Сауда жөніндегі федералдық комиссиясы мәлімдеді. Сонымен қатар аталған орган америкалық алпауытқа азаматтардың жеке мәліметтерін қорғауды қатаңдатуды тапсырды. «Фейсбук» оларды қорғау жөнінде тәуелсіз комитет құратын болды. Айта кетейік, 2018 жылы сәуір айында аталған әлеуметтік желіні пайдаланушылардың жеке мәліметтері қолды болғаны анықталаған еді.  Содан кейін тергеу басталды. Ал биыл «Фейсбук» қызметкерлері рұқсатысыз жинап келген 1 жарым миллион адамның электронды поштасы туралы мәліметтерін абайсызда жариялап жіберген болатын.

Хабар 24 телеарнасы