386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ford компаниясы электрокар жасап шығарды

  • 333
  • UPD: 12:19, 25.07.2019

Америкалық Ford компаниясы аты аңызға айналған F-150 көлігінің электрлі нұсқасын жасап шықты.

Ерекшелігі сол, жаңа көліктің қуатты болғаны соншалық ол пойызды орнынан қозғалта алады. Концерн ұсынған видеодан көліктің салмағы 450 тоннадан асатын пойызды сүйрегенін байқауға болады. Автомобиль нарыққа 2020 жылы шықпақ. Сонымен қатар Ford концерні жүргізушісі жоқ көлік шығаруды да көздеп отыр. Бұл бағытта Ford Volkswagen компаниясымен бірлесе жұмыс істеп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы