386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Британияда ішкі істер министрі қызметіне әйел адам тағайындалды

  • 156
  • UPD: 12:55, 25.07.2019
Британияда ішкі істер министрі қызметіне әйел адам тағайындалды

Британияда 47 жастағы Прити Пател Корольдіктің ішкі істер министрі қызметіне тағайындалды.

Прити Пател Даунинг Стрит үшін бейтаныс адам емес. Себебі ол осыдан бұрын халықаралық даму министрі болған еді. Бірақ 2017 жылы еңбек демалысы кезінде отбасымен Израильге қыдырып барған жерден жанжал шығып, ақыры Тереза Мэйдің тұсында отставкаға кеткен.

Прити Пател 1972 жылы 29 мамырда Лондонда дүниеге келген. Пателдың ата-анасы бастапқыда Угандаға Үндістаннан иммигрант болып барып, түрлі плантация өсіру арқасында байыған және артынша Британияға қоныс ауыстырған ауқатты мигранттар.

РИА Новости

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы