386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әзербайжанның әскери ұшағы Каспий теңізіне құлады

  • 161
  • UPD: 13:03, 25.07.2019
Әзербайжанның әскери ұшағы Каспий теңізіне құлады

Әзербайжан әуе қорғаныс күштерінің МиГ-29 ұшағы оқу-жаттығу кезінде апатқа ұшырап, Каспий теңізіне құлады.

Бұл туралы Әзербайжан қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі хабарлайды.

Түнгі оқу-жаттығу кезінде Әзербайжан әуе қорғаныс күштерінің МиГ-29 ұшағымен байланыс кенет үзіліп, ол радардан көрінбей кеткен. Алдын ала нұсқа бойынша, әуе апаты салдарынан әскери ұшақ Каспий теңізіне құлаған. Ұшқышты іздеу және құтқару шаралары тоқтаусыз жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы