386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексикада Попокатепетль жанартауы атқылады

  • 130
  • UPD: 14:36, 25.07.2019

Жергілікті уақытпен таңғы сағат 8:35 шамасында таудан күл аралас газ 1 мың 200 метр биіктікке шашыраған.

Мамандардың айтуынша, Попокатепетль соңғы 24 сағатта 280 рет атқылаған. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, маңайдағы елді мекендерге еш қауіп төніп тұрған жоқ. Сондықтан тұрғындарды эвакуциялау қажет емес.

Айта кетейік, 2000 жылы да бұл таудан күл мен от шашылған еді. Ол уақытта жақын жердегі 50 мың тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген. Жалпы Мексикада 3 мыңнан астам жанартау бар. Бірақ олардың тек 14-і ғана белсенді саналады. Оның ішінде биіктігі 5 жарым мың метрге дейін жететін Попокатепетль жанартауы да бар.

Хабар 24 телеарнасы