386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италия премьері Ресейге қатысты мәлімдеме жасады

  • 170
  • UPD: 15:29, 25.07.2019
Италия премьері Ресейге қатысты мәлімдеме жасады

Италияның Ресеймен қарым-қатынасы тек ұлттық мүддеге негізделген. Премьер-министр Джузеппе Конте «Ресей ісіне» қатысты парламентте осылай деп мәлімдеді.

Мәселе Вице-премьер Маттео Сальвинидің «Лига» партиясына қатысты болып отыр. Себебі шілденің бас кезінде Ресейдің осы партияны қаржыландырғаны тексеріліп жатқаны туралы белігілі болған. Тергеу 2018 жылы Сальвинидің серіктесі Джанлука Савоинидің Мәскеумен мұнай тасымалдау туралы құпия келіссөз жүргізгені жайлы жазылған соң басталған. Алайда Сальвинидің өзі мұны жоққа шығарып отыр.

Хабар 24 телеарнасы