385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пуэрто-Рико губернаторы жаппай шерулерге байланысты қызметінен кетпек

  • 143
Пуэрто-Рико губернаторы жаппай шерулерге байланысты қызметінен кетпек The Atlantic

Пуэрто-Рикодағы жаппай наразылық акцияларына байланысты ел губернаторы отставкаға кететінін жариялады.

Енді 2 тамыздан бастап оның міндетін әділет министрі Ванда Васкес атқарады. Осыған байланысты жергілікті тұрғындар көшеге шығып, өз жеңістеріне орай қуанып жатыр. Айта кетсек, бұған дейін халық Рикарда Росселлоның отставкаға кетуін талап етіп, ереуілге шыққан еді. Шара 2 аптаға созылды. Наразылық акциясына арал басшысының Telegram-дағы жабық чат арқылы өз кеңесшілерімен хат алмасуы түрткі болды. Онда Россельо жергілікті журналистер, саясаткерлер мен танымал активистерге тіл тигізген екен.

Хабар 24 телеарнасы