386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейге соңғы жарты жылда 100 мыңға жуық шетелдік қоныс аударған

  • 123
  • UPD: 11:17, 26.07.2019

Көрсеткішті мамандар тым жоғары деп бағалап отыр.

Мигранттардың басым бөлігі Украина мен Армениядан келген. Сондай-ақ Тәжікстан мен Қазақстаннан да бар.

Мемлекеттік статистика қызметінің ақпарына сай, өткен жылы Қазақстаннан Ресейге 26 жарым мың адам қоныс аударған. Олардың басым бөлігі жоғары немесе орта білімі бар белсенді жастар. Ресейлік еңбек нарығында білікті мамандарға сұраныс жоғары. Десе де әлеуметтанушылардың айтуынша, мигранттар ағыны артқанымен, ол мемлекет демографиясына мүлдем әсер етіп жатқан жоқ.

Аза Мигранян, ТМД елдері институты экономика бөлімінің басшысы:

– Ресейде техникалық мамандар тапшы. Еңбек нарығында осы сала бойынша сұраныс жоғары. Бұл орайда Қазақстан донор ретінде қажет елдердің бірі дер едім. Себебі онда жоғары дәрежелі білікті мамандар көп дайындалады.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден Ресейге қарай мигранттардың ағылуы – интеграцияны дамытуға арналған эконмикалық үдеріс. Сарапшылар осылай дейді. Сондай-ақ, мамандардың айтуынша, мұнда ешқандай саяси астар жоқ. Ресей мемлекеттік думасының көші-қон бойынша арнайы өкілі Константин Затулиннің пікірінше, ТМД елдерінің ішінде Қазақстаннан қоныс аударғандардың саны өте аз.   

Константин Затулин, РФ мемлекеттік думасының көші-қон және азаматтық бойынша арнайы өкілі:

– Шынында Қазақстаннан мигранттар сирек келеді. Себебі қазақ елінде жүздеген ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері ешқандай ұлтаралық шиеленіс болған емес. Сондықтан бұл үдерісті ішкі саясатта сақтай білу керек. 

Еңбек нарығындағы көші-қоннан келген шығынды есептеу оңай емес. «Тек тұспалдауға ғана болады», – дейді экономистер. «Ортақ экономикалық кеңістікте халықтың түрлі мүмкіндіктер іздеуі өзара тиімді миграция ретінде пайдалы болмақ», – дейді сарапшылар.

Автороары: Дана Нұржан, Александр Любителев

Хабар 24 телеарнасы