386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ: кеме апатынан 150 мигрант көз жұмды

  • 121
БҰҰ: кеме апатынан 150 мигрант көз жұмды

Ливия жағалуында Жерорта теңізіндегі ең үлкен апат болды.

Онда бортында босқындар болған кеме аударылып, 150 мигрант көз жұмды. Бұндай мәліметті халықаралық көші-қон ұйымы және БҰҰ-ның босқындар істері жөніндегі жоғарғы комиссары мәлімдеді. Аман қалған мигранттар ағаштан жасалған кемеде 300-дей адам болғанын айтады. Олардың сөзінше, кеме Хомс қаласы маңайында аударылып қалған. Ливияның жағалау күзеті 145 адамды құтқарып үлгерген. Қайғылы оқиғаны жеткізген БҰҰ-ның жоғарғы комиссары Филиппо Гранди Жерорта теңізінде босқындарды құтқару бағдарламасын қайта іске қосуға шықырды.

Хабар 24 телеарнасы