Оған 40 елден келген 200-ге жуық адам қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Шара барысында биіктікте тартылған жіптің үстімен ешқашан жүрмеген адамдарға өз күшін сынауға мүмкіндік берілді. Осылайша, әуесқойлар тәжірибе жинап, кәсіби мамандардан сабақ алды. Өз кезегінде әртістер тобы екі жартас арасына тартылған жіп үстімен жүріп өтіп, қатысушыларға өз өнерін паш етті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай фестивальдер Еуропаның түрлі аймағында жиі өтіп тұрады.