386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арктикада 400 мың гектар орман өртке оранды

  • 139
  • UPD: 11:16, 26.07.2019
Арктикада 400 мың гектар орман өртке оранды

Арктикалық ормандар отқа оранды. Аляскада маусым айынан бері 100-ден аса түрлі деңгейдегі орман өрті тіркелен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан 400 мың гектардан астам жасыл желектің күлі көкке ұшты. Соңғы күндері ауаның ластану деңгейі де максималды көрсеткішке жетіп отыр. Синоптиктердің айтуынша өңірдегі өртке АҚШ пен Еуропа аумақтарындағы жоғары температура әсер етсе керек. Себебі сарапшылар әлем бойынша ең суық жердегі температура өзге өңірлермен салыстырғанда жылдам көтерілетіндігін айтады. Биылғы жылы Аляскада 400 орман отқа оранған. Және күн сайын жаңа өрт ошақтары тіркеліп отыр.

Хабар 24 телеарнасы