386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда аптап ыстық рекордтық көрсеткішке жетті

  • 185
  • UPD: 13:38, 26.07.2019
Францияда аптап ыстық рекордтық көрсеткішке жетті KP.UA

Францияда жоғары температураның рекордтық көрсеткіші тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Метеорологтардың мәліметінше, жергілікті сағат 13:36 шамасында термометр көрсеткіші 40,6 градус цельсийге жеткен.

Айта кетейік, бұған дейін ең жоғары температура 1947-ші жылдың маусым айында тіркелген 40,4 градус болған еді. Францияның 20 шақты өңірінде аптап ыстыққа байланысты қауіптіліктің қызыл деңгейі жарияланды. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым рекордтық аптап ыстық осы аптада Германия, Бельгия, Голландия және Швеция елдерінде де күтілетінін мәлімдеді.

Хабар 24 телеарнасы