386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда әрбір төрт жастың біреуі жұмыссыз жүр

  • 178
  • UPD: 17:12, 26.07.2019
Түркияда әрбір төрт жастың біреуі жұмыссыз жүр

Түрік елінде тепсе темір үзетін 4 млн астам жас жұмыссыз, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – елдің статистикалық институтының мәліметі. 2019 жылы елде жалпы жұмыссыздардың саны 1 млн артып, 4 млн 202 мыңды құраған. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3,4% көп. Сондай-ақ 15-24 жас аралығындағы жұмыссыздардың саны 6,3% артты. Бұл – елдегі әрбір төрт жастың біреуі деген сөз. Бұған елдегі экономикалық жағдай себеп. 2018 жылы түрік лирасының құнсыздануы елдегі бірқатар кәсіпорынның жұмысын тоқтатуына, яғни қысқаруына алып келді. Осының салдарынан жаппай жұмыстан босату үдерістері кең етек алды.

Мехмет Кочер, жұмыссыз:

- Гази университетінде экономика мамандығын 2015 жылы тәмамдадым. Екі жыл бойы мемлекеттік және жекеменшік жұмыс орындарына өтініш білдірдім. Алайда нәтиже болған жоқ. Үкіметіміз бұл мәселені шешу үшін арнайы бағдарламаларды іске қосса деген үміттемін. Әйтпесе жас мамандардың жұмысқа орналасуы оңайға соқпайды.

Селим Ташдемир, жұмыссыз:

- Көп жылдардан бері жұмыссызбын. Түркияда соңғы уақытта бос жұмыс орындары жарияланбайды, яғни тамыр-таныстарын орналастырады. Осы себепті біз секілді дипломы бар азаматтар жұмысқа орналаса алмайды. Сондай-ақ елдегі жұмыссыздықтың артуы түлектер арасында бәсекені арттырады.

Хабар 24 телеарнасы