386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилия студенттері жаңбыр суын өңдейтін жүйені ойлап тапты

  • 132
Бразилия студенттері жаңбыр суын өңдейтін жүйені ойлап тапты

Бразилия студенттері елдегі өзекті мәселені шешудің оңай жолын тапты. Олар жаңбыр суын өңдеп, ауыз суға жарататын жүйені жасап шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сарапшылардың пікірінше, осындай инновациялар жеке бір елде ғана емес, бүкіл әлемде мәселелерді шешуге көмек болмақ.

Бразилияның басты университеттерінің бірі баламалы энергия мәселелерімен айналысады. Осы білім ордасындағы «Архитектура мен Урбанизм» факультетінің студенттері кедей аудандардың тұрғындарына қол ұшын созған. Ауыз су тапшылығы әсіресе оларға ауыр тиіп тұр.

Леандро Силва, Федералдық университет оқытушысы:

- Бұл өте қарапайым жүйе. Студенттеріміз жаңбыр суын жинап, оны қайта өңдеуді ұсынған. Бір жағынан бұл өте оңай іс болып көрінуі мүмкін, бірақ оны тек жас инженерлеріміз жүзеге асыра алды.

Суды тазарту үшін инженерлер арнайы фильтрді қолданады. Ол да қайта өңделген қоқыстан жасалған. Әзірше университет су тазарту жүйесінің тек бір түпнұсқасын шығарды. Оның өндірісіне кететін шығындарды барынша азайту көзделіп отыр.

Жоао Алвес, студент:

- Баламалы энергия көздерін құру бойынша бүкіл ойымызды оқытушылармен талқылап ғана қоймай, ірі кәсіпорындармен де кеңесіп отырамыз. Жаңбыр суын жинау жобасы арқасында инженерлер ретінде атымыздың Бразилияда ғана емес, бүкіл әлемге таралатынын мақтан тұтамыз. 

Жобаның басты ерекшелігі қарапайым әрі арзан. Үкімет өкілдерінің пікірінше, бұл бүкіл Бразилияға қажет құрылғы. Латын Америкасының ірі инвесторлары да бұл бастамаға қолдау көрсетуге ниетті.

Авторы: Анна Орлова

Хабар 24 телеарнасы