386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Marvel «Кек алушылар: Финал» фильмінен сәтсіз дубльдерді көрсетті (видео)

  • 178
  • UPD: 17:21, 26.07.2019

Marvel кинокомпаниясы «Кек алушылар: Финал» фильмін түсіру кезінде бірнеше қайтара жасалған сәтсіз кадрларды көрсетті, деп жазады 112.ua.

Бейнеүзіндіде түсірілім барысындағы актерлердің күлкілі қылықтары мен қызықты жағдайлар қамтылған.

Айталық, Роберт Дауни-кіші Marvel киноәлеміндегі құнды жәдігерді абайсызда сындырып алады. Сондай-ақ ол автокөліктің жүксалғышын жаба алмай қалған. Ал Бри Ларсон ұшу кезінде өзінің сырт көзге қалай көрініп тұрғанын сұрайды. Тор бейнесіндегі Крис Хэмсвордтің балғасын қағып ала алмаған сәті де көрсетілген.

Авторы: Н.Тоқжан

Хабар 24 телеарнасы