386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


SpaceX ғарышқа жүк тасымалдап жатыр

  • 334
  • UPD: 18:32, 26.07.2019

Илон Масктың компаниясы ғарышқа жүк тасымалдап жатыр. АҚШ-тың Флорида штатынан «Falcon 9» зымыран-тасығышы Dragon кемесімен бірге сәтті ұшырылды.

Зымыран орбитаға шыға салысымен күн батареясын іске қосқан. Бұған дейін ауа райының қолайсыздығынан ұшыру үдерісі кейінге қалдырылған еді. «Falcon 9» 27 шілде күні халықаралық ғарыш станциясына қонуы тиіс. NASA кеменің бортында 2 мың 200 келі жүк барын хабарлады. Бұл жүкті тасымалдау миссиясы осымен он сегізінші рет жүзеге асырылып отыр.

Хабар 24 телеарнасы