386,91 428,03 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияда қаскөйлер әуежайдан 800 келіге жуық алтын ұрлап кеткен

  • 144
  • UPD: 08:36, 27.07.2019
Бразилияда қаскөйлер әуежайдан 800 келіге жуық алтын ұрлап кеткен

Бразилияда полицейдің формасын киіп алған қылмыскерлер Сан-паулу әуежайының жүк терминалын тонап кетті.

Олар 800 келіге жуық алтынды қолды еткен. Сөйтіп бағалы заттармен бірге екі адамды тұтқынға алып, оқиға орнынан ізін суытқан. Тәртіп сақшыларының мәліметіне сай, шабуылды 4 адам жасаған. Белгілі болғандай, күдіктілер ұрлап кеткен бағалы металдардың жалпы құны 40 миллион доллар шамасында. Өз кезегінде әуежайдың ресми өкілі шабуыл кезінде ешкім зардап шекпегенін жеткізді. Бірақ ол кепілге алынған адамдар туралы ешқандай пікір айтқан жоқ.

Хабар 24 телеарнасы