386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлыбританияда аптап ыстық рекордтық көрсеткішке жетті

  • 182
Ұлыбританияда аптап ыстық рекордтық көрсеткішке жетті

Лондондағы аптап ыстық халықты әбігерге салды.

Осыған байланысты тұрғындар шіліңгір шілде ыстығына шыдай алмай, қалалық бассейндерден пана тапқан. Мұнда ине шаншар орын жоқ. Жуырда Британияда ауа температурасы 38 градусқа жетті. Бұл рекордтық көрсеткіш. Айта кетсек, қазір аптап ыстық бүкіл Батыс Еуропа аймағында тіркеліп отыр. Кей жерлерде сынап бағанасы 43 градусқа дейін жеткен екен.

Хабар 24 телеарнасы