386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Филиппинде қатарынан екі рет жер сілкінді, адам шығыны бар

  • 140
Филиппинде қатарынан екі рет жер сілкінді, адам шығыны бар

Филиппиннің Батанес провинциясында екі рет жер сілкінісі болып, 8 адам қаза тапты.

Тағы 60 тұрғын жарақат алды. Ақпарға қарағанда Итбаят аралынан шығысқа қарай 21 шақырымдай жерде алдымен 5,4 балдық зілзала болған. Содан кейін көп ұзамай 5,9 балдық дүмпу қайталанған. Алғашқы жер сілкінісі кезнде 5 адам көз жұмса, екінші зілзаладан 3 тұрғын опат болды. Сондай-ақ үйлер мен ғимараттар қираған. Қазір апат аймағында іздестіру-құтқару шаралары жүріп, жапа шеккендерге көмек көрсетіліп жатыр.  

Хабар 24 телеарнасы