386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ford, BMW, Volkswagen және Honda ауаға бөлінетін зиянды заттар мөлшерін қысқартпақ

  • 160
Ford, BMW, Volkswagen және Honda ауаға бөлінетін зиянды заттар мөлшерін қысқартпақ

Автокөлік өндірісі саласындағы үлкен төрттік Калифорния штатының қатаң ережелерін ерікті түрде қабылдайтынын жариялады.

Оған сай, енді Ford, BMW, Volkswagen және Honda компаниялары ауаға бөлінетін зиянды заттар мөлшерін қысқартуы тиіс. Және олар бұл талапты бүкіл АҚШ аумағында сақтайды. Айта кетсек, Калифорния мен тағы оншақты штат президент Барак Обама кезінде қабылданған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ережелерді қатаң түрде сақтап келеді. Өз кезегінде сала мамандарының айтуынша, бұл Дональд Трамп әкімшілігі саясатына мүлдем қайшы әрекет. Себебі жуырда Ақ үй өкілі мұндай стандарттарды әр штат емес, федералды үкімет бекітуі керектігін мәлімдеген еді.

Хабар 24 телеарнасы