386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Трампқа Пентагон қаржысын пайдалануға рұқсат берілді

  • 158
Трампқа Пентагон қаржысын пайдалануға рұқсат берілді

Президент Дональд Трамп Мексикамен шекараға қабырға тұрғызу үшін Қорғаныс министрлігінен 2 жарым миллиард доллар алатын болды.

Жоғарғы сот осындай шешім шығарды. Оны 9 соттың бесеуі қолдап төртеуі қарсы шықты. Сөйтіп Жоғарғы сот өзге төменгі инстанциялардың шешімін жойды. Ақ үй қожайыны заңды «үлкен жеңіс» деп мәлімдеді. Еске сала кетейік, Мексикамен шекараға қабырға тұрғызу президент Трамптың сайлауалды уәделерінің бірі болған. Осы мақсатта ол Конгрестен 5,7 миллиард доллар қаржы бөлуді сұраған. Алайда демократтар оған үзілді-кесілді қарсы шығып, Трамп Пентагонның бюджетін пайдалануды шешкен. Бірақ өткен айда Калифорния федералды соты оған тыйым салған еді.

Хабар 24 телеарнасы