386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызыл теңіз жағалауында әскери техника музейі құрылады

  • 159
Қызыл теңіз жағалауында әскери техника музейі құрылады

Қызыл теңіз жағалауында орналасқан иорданиялық қалада әскери техника музейі құрылмақ, деп хабарлайды «Хабар 24»

Ерекшелігі сол, ол су астында орналасады. Танкілер мен тікұшақтар қолдан жасалған маржан кедертасы үшін негіз болмақ. Жоба авторларының айтуынша, бұл жаңа туристерді әсіресе, дайвинг сүйер қауымды тартуға керемет мүмкіндік. Ал қолданыстан шыққан техникаларды теңіз түбіне түсірудің өзі жергілікті тұрғындар үшін қызық болған. Жалпы аталған әскери техникалардан бөлек, су астында С-130 «Геркулес» ұшағы мен 90-жылдары батып кеткен кемелер де бар екен.

Хабар 24 телеарнасы