386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бангладеште су тасқынынан 114 адам көз жұмды

  • 151
  • UPD: 16:41, 27.07.2019
Бангладеште су тасқынынан 114 адам көз жұмды Day.Az

Бангладеште су тасқыны салдарынан 17 күнде 114 адам мерт болды.

Оған тоқтаусыз жауған нөсер себеп болған. Бұл туралы жергілікті Dhaka Tribune басылымы хабарлайды.

Елде табиғи апаттың кесіренен жүздеген мың адам өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.

Сондай-ақ 14,7 мыңнан астам адам зардап шекті. Олардың жартысы су арқылы инфекциялық аурулар жұқтырса, қалғаны түрлі дене жарақаттарын алған.

Бангладештегі 28 аудан су астында қалған.

Естеріңізге сала кетейік, маусым айында Үндістанда 166 адам көз жұмған болатын.

Хабар 24 телеарнасы