386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көлікте қалып қойған егіз нәресте ыстықтан қайтыс болды

  • 236
  • UPD: 17:43, 27.07.2019
Көлікте қалып қойған егіз нәресте ыстықтан қайтыс болды

Нью-Йоркте ыстық күнде көлікте қалып қойған егіздер қайтыс болды. Оқиға шаһардың Бронкс ауданында болған, деп хабарлайды «Хабар 24»

37 жастағы Хуан Родригес есімді азамат таңертең жергілікті ауруханадағы жұмысына келіп, 1 жастағы қызы Марица мен ұлы Фениксті көлікке қалдырып кетеді. Бірақ неге екені белгісіз кішкентайларын ұмытып, оларға тек 8 сағаттан кейін оралған. Ал осы күні шаһарда күн 33 градусқа дейін ысыған. Жалпы, АҚШ-та жыл сайын осындай жағдайда орта есеппен 38 бала көз жұмады екен. Дәрігерлердің айтуынша, баланы тіпті 15 градустық ыстықтың өзінде көлікке қалдыру қауіпті. Себебі, көліктегі температура бас-аяғы 1 сағаттың ішінде 40 градусқа дейін ысиды.

Хабар 24 телеарнасы