386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореяда түнгі клубтағы балкон опырылып, 2 адам көз жұмды

  • 167
  • UPD: 18:47, 27.07.2019
Оңтүстік Кореяда түнгі клубтағы балкон опырылып, 2 адам көз жұмды

Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында түнгі клубтың төбесі құлап, 2 адам қаза тапты. Тағы 10 адам жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Полицияның мәлімдеуінше, клубтың ішіндегі балкон көп адамның салмағын көтере алмай опырылып түскен. Төтенше оқиға кезінде нысанда АҚШ-тың су добынан әйелдер құрамасы да болған. Олар өздерінің әлем чемпионатындағы жеңісін тойлап жатқан екен. Олар жапа шекпеген. Қазір осы оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы